Алтын қыз — алтын тұғырда!

          Қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова Қытайдағы VII Бүкіләлемдік әскери ойындарда үш рет секіруде алтын медаль жеңіп алды. 

Екінші талпыныста ҚР ҚМ ЦСКА командасы үшін өнер көрсететін майор Ольга Рыпакова 14,19 метрге секіріп, Қазақстан құрамасының қоржынына алтын медальмен толықтырды.

Бұл сайыс бойынша күміс жүлде 13,78 метр қашықтықты бағындырған Оттавия Честонароға бұйырды. Үшінші орын Доминикан Республикасынан келген Анна Хосе Тимеде. Оның нәтижесі — 13,54 метр.

Ал, жалпы есепте жеті жарыс күнінің қорытындысы бойынша ең көп жүлделермен алаң иелері — Қытай көш бастап тұр. Қазақстандық құрамасының есебінде екі алтын, бір күміс және бес қола медаль бар. Дүниежүзілік әскери ойындар — әскери қызметші спортшылар үшін Дүниежүзілік әскери спорт кеңесінің (CISM) аясында ұйымдастырылатын спорттық жарыс. Ол — төрт жылда бір рет өтеді. Алғашқы бәсеке 1995 жылы Римде өткен болатын.

ҚР Қорғаныс Министрлігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *