5 боксшымыз жартылай финалда!

Қытайдың Ухан қаласында өтіп жатқан Бүкіләлемдік әскери ойындарының жартылай финалында жұдырықтасатын біздің боксшылар тізімі төменде.
Жартылай финалда Қазақстан атынан рингке бес боксшы шығады. Олардың барлығы бұл турнирдің қола жүлдесіне ілігіп тұр. Қазақстандық боксшылардың жұптары келесідей:
49 келіде Теміртас Жүсіпов (Қазақстан) – Жан Рион Ким (Солтүстік Корея)
69 келі Асланбек Шымбергенов (Қазақстан) – Сайлом Арди (Тайланд)
75 келі Тимур Нұрсейітов (Қазақстан) – Алексей Семыкин (Ресей)
81 келі Аят Маржикпаев (Қазақстан) – Абделрахман Ораби (Мысыр)
91 келі Абзал Кұттыбеков (Қазақстан) – Дэниэл О’Брайан (Ирландия)
Қазақстаннан бөлек, бес боксшысы 1/2 финалда рингке шығатын Ресей ғана. Өзбекстаннан төртеу. Ал Солтүстік Корея, Таиланд, Моңғолия және Қытайда үш боксшыдан.
Жартылай финал кездесулері бүгін, ал ақтық жекпе-жектер 26 қазанда өтеді. Қыздардан 69 келіде Баян Ақпаева да жүлдеден үмітті.

Ұларбек Дәлейұлы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *