«Қайрат» та қайрат көрсете алмады!

            Футзалдан «төрттіктің финалына» шығу үшін С тобының  ойындары Алматы шаһарында өткен болатын.

               С тобында сынға түскен Отандастарымыз Испаниядан келген «Мурсия», Италияндық  «Песаро» және Португалия мықтысы «Бенфикамен» кім мықтыны анықтады. Алғашқы ойында «Мурсиямен» кездескен Алматылықтар 1:4 есебімен жол беріп алды. Одан кейін «Песаромен» жолығып Апенин түбегінен келген команданы 5:3 есебімен ұтты.

Ал, шешуші ойында «Бенфикамен» кездескен жерлестеріміз 3:5 есебімен тізе бүгуге мәжбүр болды. Осылайша 3 кездесуде 3 ақ ұпай жинаған қайраттықтар С тобында соңғы орынға ие болып, финалдық кезеңге шыға алмай қалды. 

Бұл топта «Қайрат» пен «Бенфиканы» ұтып, «Песаромен» тең ойнаған  «Мурсия» 7 ұпаймен үздік шықты.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *