Қайратты қапыда қалдырды

Футзалдан UEFA аясында жарыстарға қатысып жүрген Алматылық «Қайрат» клубы күтпеген жерден Ресей клубы «КПРФ»-дан ұтылып қалды.
Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы ойынын өткізген оңтүстік астаналықтар әу баста жарыстың жүлдесіне үміткер мықтылардың қатарынан саналған. Бірақ, кездесу жұрт күткендей болмады. Ойламаған жерден сүрінген жерлестеріміз орыс клубына 0:3 есебімен жол беріп қойды. Кездесудің небәрі 3 — минутында ресейліктер сапынан Салотти (0:1) есеп ашса, артынша Разуванов 11 (0:2)кезек сұрады. Матчтың қорытынды нүктесін Асадов 17 (0:3) қойды. Қайраттықтар қанша тырысқанымен гол соғудың сәті түспеді.
Қайраттықтар сынға түсіп жатқан 4 топта испандық «Мурсия» венгр командасы «Береттьоуйфалу» клубын тас-талқан етті. Енді жерлестеріміздің келесі қарсыласы да осы жеңіске жеткен ұжым болмақ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *