Қайраттың қарымы қандай? Тобыл тоқтай ма?

          Футболдан Қазақстан чемпионатының 30 тур ойындары да жақындап қалды. Қазанның 19, 20 күндері ел чемпионатында сынға түсіп жатқан командалар арасында 6 матч өтеді. Атап айтар болсақ елорда төрінде «Астана» ФК оңтүстік астанадан келетін «Қайрат»ФК-ын, көшбасшылардың қатарында келе жатқан «Тобыл» ФК түркістандықтардың үміті «Ордабасы» ФК-ын қабылдайды. Бұдан өзге де 4 кездесу өтеді. Дегенмен чемпиондық атаққа тікелей қатысы болған соң аталған ұжымдардың жағдайына аз-кем тоқтала кеткенді жөн көрдік.

Турдың басты кездесуі деп көпшілік  Астана мен Қайрат арасында өтетіні ойынды атауы сөзсіз. Өйткені соңғы жылдары ел чемпионатында қарсылас шақ келтірмей, мәреге өзі ғана жетіп жүрген елордалықтардың мысын басуға биыл қос команда да құлшына кіріскен сияқты. Олар — Қайрат пен Тобыл. Өкшелеп келеді. Астана мен Қайрат арасындағы матчтар наурыздың басында  Қазақстанның Суперкубогіне таласқан ойыннан басталған еді. Жылдың алғашқы ойынын 2:0 есебімен елордалықтар жеңіспен бастаған. Одан кейін ел чемпионатының 6 туры аясында қайраттықтар өз алаңында астаналықтарға 0:1 есебімен жол берсе, 16 турда астаналықтар да бұл дәстүрден жаңылмай қонақтарға 3 ұпай еншілетіп, аттандырған болатын. Бұл кездесу (0:2) есебімен аяқталған. Ал, осы жолғы ойындары чемпиондық тартыс үшін маңызы зор кездесу болмақ. Қос команданың соңғы өткізген ойындарына тоқталатын болсақ ел чемпиондары Шахтер, Атырау, Қайсар клубтарын жеңіп, Ордабасымен тең түскен және Жетісу аяқдопшыларынан ұтылған. Ал, Қайраттық жігіттер соңғы 5 кездесуде Шахтер, Жетісу, Қайсар, Ордабасы  және Ақтөбе клубтарын жеңген. Бұл жерде елордалық ұжымның тек ел чемпионатында ғана Еуропа Лигасы аясында да топ теуіп жүргенін айта кеткен жөн.

Қызықты кездесулердің бірі толқынды Тобыл жағасында өтеді. Қостанайлықтардың футболмен тыныстап, Ақтөбемен алысып өткізетін айтулы матчтары келмеске кеткеніне біршама жылдар өтті. Дегенмен, биылғы дүбірге қатысқан Тобылдықтардың жүрісі тың. Ертіс және Жетісумен тең тарқасты демесеңіз соңғы 6 ойында жеңістерін тойлаған. Ал, чемпионатты тәуір өткізіп, тек жүлдеге таласар тұста кежегесі кері кететін Ордабасы клубы әдетінен танған жоқ. Ойындары да ала-құла.  Құрамына әжептәуір мықты ойыншылар жиналса да жыл соңындағы сүреңсіз сүрлеуіне тағы да түсіп алған. Тобылдың тасқынына төтеп бере ала ма, оны 20 қазан күні көреміз.

Бұлардан өзге де  төмендегідей ойындар өтеді:

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *