Алғанымыз қос жүлде – алтын да емес..

 Қазанның 28 күні басталып, қарашаның 10 дейін созылған Түркіменстан астанасы Ашхабат қаласындағы Ауыр атлетикадан әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы айтулы сынға  ерлердің 10, әйелдердің 10 салмақ дәрежесі бойынша толық құрамда қатысты.

Ерлер

— Арли Чонтей (55 келіге дейін);

— Фархад Харки (67 келіге дейін);

— Нижат Рақымов (73 келіге дейін);

— Айдар Казов (81 келіге дейін);

— Денис Уланов (89 келіге дейін);

— Рүстем Сыбай (96 келіге дейін);

— Илья Ильин, Александр Зайчиков (102 келіге дейін);

— Ибрагим Берсанов (109 келіге дейін);

— Ердос Сайлау (109 келіден жоғары)

Әйелдер

— Зульфия Чиншанло (55 келіге дейін);

— Сәуле Сәдуақасова (59 келіге дейін);

— Әсем Садықова (64 келіге дейін);

— Карина Горичева (64 келіге дейін);

— Екатерина Столяренко (71 келіге дейін);

— Надежда Лихачева (71 келіге дейін);

— Екатерина Быкова (76 келіге дейін);

— Раушан Мешітханова (81 келіге дейін);

— Айзада Муптілда, Александра Аборнева (87 келіден жоғары).

Ал, иеленгеніміз қос жүлде ғана. Оның өзі алтын емес. Атап айтқанда ерлерден 55 кг дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Арли Чонтей 258 кг көтеріп,  күміс жүлдеге ие болса, әйелдер арасында 71 кг сайысқа қатысқан Надежда Лихачева қоссайыс қорытындысы бойынша 242 кг еңсеріп, қола жүлде иеленген болатын.

Әлемдік додаға аттанған атлеттердің ішінде кеше ғана олимп шыңына шығып, әлемдік, құрлықтық жарыстарда топ жарып жүрген Нижат Рақымов, Денис Уланов, Зульфия Чиншанло мен Карина Горичева сияқты саңлақтарымыз болса да, ауыз толтырып айтарлықтай жетістікке жете алмадық.  Жалпы, жарыс қорытындысы бойынша Қытай құрамасы көш бастаса, Таиланд – екінші, Солтүстік Корея мемлекетінің спортшылары – үшінші орыннан көрінді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *