Алғашқы күн. Есеп 1-1

Теннистен Федерация Кубогы аясында Әлемдік топқа шығу үшін Қазақстанның әйелдер құрамасы Ұлыбританияда жергілікті ағылшын құрамасымен додаға түсуде. Қазақстан құрамасының сатынан алғашқы болып кортка шыққан Әлемнің 107 ракеткасы Зарина Диас 27 жастағы Британ мықтысы Йоханна Контамен кездесіп 1-2 есебімен қарсыласына жол беруге мәжбүр болды. Алғашқы сетте Қазақстандық теннисші 6-4 есебімен басым түскенімен қалған екі сетте 6-3 және 6-2 нәтижесімен ұтылып қалды.

 

Ал, қос команда арасындағы екінші кездесуде Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева WTA рейтингісінде 86 орында тұрған Кэти Бултер мен кездесті. Бұл кездесуде керісінше алғашқы сетте 3-6 есебімен жол беріп алғанына қарамастан қалған екі сетте 6-2 дәне 7-6 нәтижесімен жеңісті өз пайдасына шешті.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *