Аладоп жұлдыздары астанада

Футболдан Еуро — 2020 доп додасына іріктеу ойындары аясында Қазақстан ұлттық құрамасы Бельгия құрамасымен кездесу өткізеді. Осы матчқа орай құрамы әлем футболының маңдайалды ойыншыларынан құралған бельгиялықтар Нұр-Сұлтан қаласына ұшып келді.

Осыған дейін 7 ойында қатарынан жеңіске жеткен қонақтар қазақ елінен де 3 ұпай еншілеп,топтық кезеңнен шығу мәселесін шешіп тастауға тырыспақ.
Ал, Отандастарымыз әдеттегідей жарысты орта жолдан аяқтамақ. Еншімізде 7 ойыннан кейін 7 ұпай ғана. Соңғы ойында күтпеген жерден КИПР құрамасынан жеңілген М.Билек шәкірттері шамасы жетсе ұпай ұстап қалуға тырыспақ. Бірақ, ойлағандары бола қояр ма екен? Оны уақыт көрсетер.
Бельгиялықтар сапында қазақстан құрамасымен өтетін матчқа қатысу үшін Эден Азар, Аксель Витсель сияқты негізгі құрамның серкелері де келген. Оларға қарсы тұратын қазақстандықтар сапында Бауыржан Исламхан, Исламбек Қуат сияқты сайыпқырандар ойнамақ.
Кездесу астана уақытымен: 19:00 де басталады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *