Футболдан Еуропа лигасында ойнап жатқан жалғыз қазақстандық клуб «Астана» ФК өз алаңында топтық кезеңнің екінші ойынын Сербиялық «Партизан» клубымен өткізіп,  жеңіліс тапты. Дұрысы, жеңуге шамасы жетпеді. Барын салып бақса да қазақстандық аяқдопшылар қайрат көрсете алмады.

Ойынның 29 — минутында сербтердің сапында ойнайтын Нигерия футболшысы Умар Садик қонақтарды алға шығарды. Ал, астаналықтардың жүрісі өнбей қойды. Екінші таймда да белсенген Садик 73 минутта тағы да көзге түсіп, есепті еселеді. 0:2.

Кездесудің 85 — минутында астаналықтар сапында ойнайтын исландиялық Рунар Сигурионссон алыстан тепкен добы арқылы нәтижені 1:2 ге қысқартты.Матчтың қорытынды хаттамасы да осылай жазылды. Топтық кезеңде өткізген екі ойында да жеңіліс тапқан Нұр-Сұлтан қаласының басты футбол клубы 0 ұпаймен L тобының соңғы орынында келеді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *