Амурдан айласын асырды

Құрлықтық хоккей лигасында сынға түсіп жатқан елордалық «Барыс» ХК биылғы маусымдағы екінші ойынын да өз алаңында өткізді. Хабаровскіден келген «Амур» ХК қабылдаған астаналықтар 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Дегенмен, алғашқы шайбаны қонақтар сапынан Томаш Зогорна ойынның 19 минутында соқты. Арада 7 минут өткен соң жерлесіміз Антон Сағадеев есепті теңестірді. Кездесу бел ортасынан ауған тұста Игорь Руденков амурлықтарды алға шығарса, 2 минут өтер-өтпестен Алексей Маклюков есепті 2:2 ге жеткізді.
Матчтың қорытындысын 50 минутта канадалық сұрмерген Корбен Найт қойды. Есеп 3:2. Бұл — жерлестеріміздің биылғы маусымдағы алғашқы жеңісі. Енді Нұр-сұлтандықтар 8 қыркүйек күні Бейжіңде «Куньлунь Ред Стар» ХК мен кездеседі.