Англияда 1 — маусымға дейін ешқандай спорттық шара өтпейді

Британия билігінің шешімі бойынша тұманды Альбион елінде коронавирустың кеңінен таралу себебінен маусым айының басына дейін ешқандай спорттық бәсеке өтпейді.
Бұл туралы премьер министр Борис Джонсон 11 мамыр күні өткен жиында хабарлады. Оның айтуынша кең ауқымды іс-шараларды әзірге тоқтату елдегі короновируспен күрес шараларын жеңілдетуге ықпалын тигізбек.
Ал, Англия мен Уэльстегі крикет ойындары 1 шілдеге дейін тоқтатылды. Регби бәсекесі де шілде айының басында өтеді деп жоспарлануда.
