Астана — ел чемпионы!

Футболдан Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жақындап келеді. Алда жалғыз тур қалды. Бірақ осыған қарамастан ел чемпионы атанған клуб белгілі болды. Ол — Астана.
Чемпионаттың 32-тур ойынын Қостанайда өткізген өткізген елордалықтар 0:1 есебімен жеңіске жетті. Алаң иелері қанша шабуылдаса да қонақтардың қорғанысын бұзып өте алмады. Кездесудің 32-минутында Логвиненко соққан жалғыз доп астаналықтардың кезекті рет чемпион атануына жағдай жасады. Оған себеп болған екінші матч Ертіс жағасында өтті. Астаналықтармен үзеңгі тірестіріп келе жатқан «Қайрат» ФК Павлодарда «Ертіс» ФК-нан 5-0 есебімен оңбай ұтылды. Осылайша бас қалалықтар чемпионат аяқталмай жатып жеңіс тойын бастап кетті.
Бұл турда өткен өзге де ойындардың кестесі төмендегідей: