Астана Манчестер Юнайтедті ұтты!

Еуропа лигасының 5-тур ойынын өз алаңында өткізген «Астана» ФК әйгілі «Манчестер Юнайтед» ФК-ын 2:1 есебімен ұтты.

Алғашқы голды небәрі ойынның 10-минутында  ағылшын құрамасының ойыншысы Джесси Лингард соққанымен екінші таймда астаналықтар ойын қарқынын арттыра отырып тиісті нәтижеге қол жеткізді. 55 минутта роман Мұртазаевтан пас алған Дмитрий Шомко есепті теңестірсе, 62 минутта Антонио Рукавина тепкен доп Ди Шон Бернардқа тиіп қақпа торынан табылды. Автогол тіркелді. Одан кейін де қонақтар қанша мәрте тырысқанымен салы суға кеткен ойыншылары гол соға алмады.

Айта кетерлігі, бұл матчқа Сульшер бапкер өңкей жас ойыншыларын алып келген болатын. Дегенмен, қонақтар 5 ойыннан кейін 10 ұпай жинап турнирлік кестеде алғашқы орынға жайғасқан. Яғни, жеңіліске ұшырағанымен айтарлықтай қауіп жоқ. Ал, Астаналықтар топтық кезеңдегі алғашқы 3 ұпайына ие болып, соңғы орында тұр.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *