«Астанадан» ұтылғаннан кейін Жуков «Қайраттың» басты қиындығын атады

Алматылық «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Георгий Жуков «Астанамен» матч нәтижесі туралы пікір білдіріп, Қазақстан кубогы финалына дайындық туралы айтып берді. 

Қазақстан премьер-лигасының 32-ші туры аясындағы командалар арасындағы ойын «Астана Аренада» өтіп, алаң иелерінің жеңісімен аяқталды — есеп 3:2. 24 қарашада «Қайрат» кубок үшін «Атыраумен» ойнайды. 

— Жақсы ойын өткіздік деген ойдамын, алғашқы минуттарда жақсы бастап, бірінші болып гол салдық. Басымдықты сақтай алмағанымыз өкінішті. Масуым басынан осы қиындық қалмады, нөлмен аяқталатын ойындар ауырға соғып отыр. Бірақ ойынға іштей дайындық мықты болды, динамика өз деңгейінде және тамаша матч өткіздік. 

— Қайтадан қазақстандық жас құраммен ойын болды. Футболшылар бір-біріне үйреністі және өзара жақсы әрекеттеседі деуге бола ма?

Нақты айта алмаймын. Біз мінез бен рух арқасында ойнап шықтық десек жөн болар. Бастама мен қорқынышсыз ойнағандықтан кей жерлерде жақсы футбол көрсеттік деген ойдамын. 

— Алда Қазақстан кубогының финалы. Бұл туралы не дей аласыз?

— Алаңның жағдайы жақсырақ болады дегенге үміттенемін — алдағы финалға одан артық ештеңе керегі жоқ», — деп келтіреді Жуковтың сөзін клубтың баспасөз қызметі. 

Еске салайық, «Қайрат» төртініші рет қатар ҚПЛ-дің күміс жүлдесін иеленді, ал «Астана» бесінші рет қатарынан Қазақстан чемпионы атанып отыр. 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *