«Астананың» арыны қатты

 

     Еуропалық додаларда ел намысын абыроймен қорғап жүрген «Астана» ФК-ы UEFA-ның қараша айында жаңартылған реитингінде 50-орынға көтерілді. Бұл Қазақстандық клубтар тарихындағы ең жоғарғы нәтиже. Екінші жыл қатарынан Еуропа лигасының топтық кезеңінде өнер көрсетіп жатқан жерлестеріміз 27500 реитингтік ұпай жинап, қарт құрлықтың азуын айға білеген Валенсия, Милан, Интер сынды командаларынан жоғары орналасқан.
     Еуропа лигасының 2018-2019 жылғы маусымында астаналық клубпен бір топта сынға түсіп жатқан Украиналық «Динамо» ФК – 20, Франциялық «Ренн» ФК – 111 және Чехиялық «Яблонец» ФК – 203 сатыдан орын алған.
Жерлестеріміздің бұл көрсеткішті әлі де жақсарта түсуге мүмкіндіктері бар. Топтық кезең аясында «Астана» ФК-ы келесі ойынын 29-қараша күні «Астана-Аренада» Киев қаласының «Динамо» ФК-мен, одан кейін желтоқсан айының 13-де Францияда «Ренн» клубына қарсы өткізеді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *