Қазақ құрамасының қарсыластары анықталды

          2021 жылдың 9 қыркүйегі мен 3 қарашасы аралығында футзалдан Литва жерінде тоғызыншы әлем чемпионаты жалауын көтермек. Бұл бәсекеге қатысатын барлық командалар анықталды. Аяқ доп шеберлерінің айтулы чемпионатына алаң иелері Литвалықтардан басқа қарт құрлықтың Испания, Португалия, Серби, Хорватия, Ресей футбол одағы және Қазақстан құрамасы сияқты алты командасы бақтарын сынайтын болады.

Ойындар өтетін алаңдар: «Каунас Арена», «Вильнюс Арена», «Клайпеда Арена»

Топтық кезең матчтары: 12-20 қыркүйек аралығында өтеді

1/8 финала: 22-24 қыркүйек

1/4 финала: 26-27 қыркүйек

1/2 финала: 29-30 қыркүйек

Финалдық кездесу/үшінші орын үшін өтетін кездесу: 3 қазанға жоспарланған

ТОПТАР

A тобы: Литва (алаң иелері, алғаш рет), Венесуэла (алғаш рет), ҚАЗАҚСТАН, Коста-Рика

B тобы: Өзбекстан, Гватемала, Ресей футбол одағы, Египет

C тобы: Таиланд, Португалия, Марокко, Соломон аралдары

D тобы: Панама, Чехия, Вьетнам, Бразилия

E тобы: Ангола (алғаш рет), Жапония, Парагвай, Испания

F тобы: Аргентина (чемпион), АҚШ, Сербия, Иран

 

Осыған дейін ұйымдастырылған әлем чемпионаттарының барлық финалдық ойындары:

2016: Аргентина — Ресей 5:4 (Колумбия)

2012: Бразилия — Испания 3:2, қос. уақ. (Таиланд)

2008: Бразилия — Испания 2:2, пен. 4:3 (Бразилия)

2004: Испания — Италия 2:1 (Қытайлық Тайбэй)

2000: Испания — Бразилия 4:3 (Гватемала)

1996: Бразилия — Испания 6:4 (Испания)

1992: Бразилия — АҚШ 4:1 (Гонконг)

1989: Бразилия — Нидерланды 2:1 (Нидерланды)

 

ЕСКЕРТУ: https://jarys.kz/ порталы аталған чемпионатқа қатысты ақпаратты күнделікті жариялап тұрады

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *