Қазақстан Германияны жеңді

Шайбалы хоккейден Латвияда өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасы Германия құрамасын 3-2 есебімен тізе бүктірді. 

Кездесудің алғашқы кезеңінде тең тарқасқан қарсыластар үзілістен соң белсенді ойнады. Степаненко мен Шалаповтан пас алған қазақстандық сұрмерген Александр Шин есеп ашса(1-0), араға үш минутқа жуық уақыт салып «Айлендерстің» сапында ойнайтын Том Кюнхакль есепті теңестіріп кетті (1-1). Бұнымен тоқтамаған немістер Павел Акользиннің алаңнан қуылған сәтін пайдаланып, есепті еселей түсті (1-2). Шайбаның авторы — Маркус Айзеншмид.

Ұлттық құрамамыздың ойыншылары бұл бәсекеге босқа жатпағандарын дәлелдей түсті. Құрама капитаны Роман Старченко есепті 2-2 ге теңестірсе, Алексей Маклюков шығарған пасты кәдеге жаратқан Павел Акользин қазақ құрамасын алға шығарды (3-2).

Қысқы олимпияда ойындарының күміс жүлдегерлері (2018 жылы) қанша тырысқанымен нәтиже шығара алмады. Сөйтіп, Қазақстан құрамасы бұл чемпионаттағы үшінші жеңісіне қол жеткізді. Осы ойыннан кейін В тобындағы турнирлік кестеде  4 ойыннан кейін 7 ұпаймен екінші орынға тұрақтады.

(Естеріңізде болса бұған дейін Қазақстан құрамасы Латвияны, Финляндияны ойыннан кейінгі буллит сериясында жеңіп, АҚШ құрамасына жол берген болатын) 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *