Қазақстан құрамасы Голландиядан мықты

         Үлкен теннистен еліміздің ерлер құрамасы Мадридте өтіп жатқан Дэвис кубогі жолындағы жарыста Голландия құрамасын 2:1 есебімен жеңді.

Диас Досқараев жаттықтыратын бас құрамамыздың сапында Александр Бублик, Михаил Кукушкин, Дмитрий Попко, Александр Недовесов және Андрей Голубеев өнер көрсетеді. Алдымен сынға түскен Михаил Кукушкин Ботик Ван Де Зандшульпты (6-2, 6-2) есебімен ұтып ұлттық құрамамызды алға шығарса, Александр Бублик тартысқа толы ойында Робин Хаседен (5-7, 6-3, 6-7) есебімен ұтылып қалды. Артынша жұптық сында кім мықтыны анықтау үшін қазақстандықтардың сапынан Александр Бублик пен Михаил Кукушкин голландтық Робин Хасе мен Жан-Жюльен Рожерге қарсы ойнады. Бұл ойын Отандастарымыздың пайдасына (6-3, 7-6) есебімен шешіліп, өз тобында Қазақстан құрамасы алғашқы орынға шықты. 

Енді жерлестеріміз 21 қараша күні Ұлыбритания құрамасына қарсы ойнайды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *