Қазақстандық футболшы Польша клубына ауыспақ

Футболдан ұлттық құрама ойыншысы Георгий Жуков енді өз карьерасын Польша жерінде жалғастырмақ.

                   Осыдан екі жыл бұрын Ресейлік «Орал» ФК-нан миллион евро төлеп сатып алған ойыншы 31-желтоқсан күні  Алматылық «Қайрат» ФК-мен келісімшартының бітуіне байланысты «еркін агент» ретінде поляк клубына ауыспақ.

25 жастағы ойыншы Польша чемпионатында көш соңында келе жатқан (16 турдан кейін 11 ұпай) «Висла» клубының басшыларымен келіскен. Ол жерде қанша жалақы (сыйақысымен) алатыны әзірге беймәлім. Қос тарап медициналық тексерістер аяқталған соң жаңа жылдың басына қарай келісімшартқа отырмақ.

Естеріңізге сала кетсек Жуков қайраттықтар сапында биыл 30 ойынға қатысып 2 гол соққан және әріптестеріне 2 голдық пас берген. Өз карьерасында Қазақстандық «Астана» және Голландиялық «Род» клубтарында доп тепкен. 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *