Қазақстандық мамандар олимпияда жолдамасы үшін өтетін бәсекелерге төрелік етеді

        Азия волейбол конфедерациясы сайтының (https://asianvolleyball.net/new/) хабарлауынша  қазақстандық төрешілер Айдос Ахметов пен Юлия Акулова 2020  жылдың басында Токио Олимпиадасының жолдамасы үшін өтетін волейбол турнирінің төрешілері ретінде тағайындалған. 

Ахметов ерлер арасындағы сары құрлық додасында қызмет көрсетеді. Байрақты бәсеке келесі жылдың 7-12 қаңтар аралығында Қытайдың Цзяньмынь қаласында өтеді. Ал,  Акулова төрелік ететін құрлықтық бәсеке Тайланд жерінде жалауын желбіретеді. 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *