Қазақстанның жастары Испаниядан ұтылды

2021 жылғы Еуропа чемпионаты ойындарына іріктеу қарсаңында Қазақстанның 21 жасқа дейінгі ұлттық құрамасы Астана — Аренада Пиреней түбегінен келген құрдастарына есе жіберді. Іріктеу маусымында үшінші ойынды өз алаңында өткізген Астаналықтар ойын басталған сәттен алға лап қойғанымен Испания жастарының тактикалық шеберліктерінің басым екені бірден байқалып тұрды. Кезекті қарбаластардың бірінде ойынның 21-ші минутында қазақстандықтардың айып алаңында бұзылған ойын ережесіне байланысты Шотландиялық төреші отандастарымыздың қақпасына пенальти белгіледі.  Хорватиялық ДИНАМО ЗАГРЕБ клубында ойнайтын Dani Olmo 11 метрлік айып соққысынан мүлт кетпеді.  Есеп 0:1. Одан кейін де допты өз бақылауында көбірек ұстаған испаниялықтар есепті теңестіруге тырысқанымен ойлары жүзеге аспады.

Ал,  матчтың 57-і минутында қазақстандықтардың айып алаңында кезекті қарбалас барысында ойын ережесінің бұзылғанын аңғарған төреші жерлестеріміздің қақпасына екінші мәрте пенальтиді белгіледі.  Айып соққысын орындаған Барселонаның жас ойыншысы Carles Alena  тепкен допты қазақстан қақпашысы қайтара білді. Ал, екінші мәрте тепкен сәтінде доп қақпадан биік ұшты.

Ойынның 90 минуты 0:1 есебімен өз мәресіне жетті. Төреші қосқан қосымша 4 минутта да есеп еш өзгермеді. Сонымен , іріктеу мауцсымында үшінші ойынынын өз алаңында өткізген Қазақстанның 21 жасқа дейінгі құрамасы алғашқы жеңілісіне ұшырады.

Естеріңізде болса, қазақстанның 21 жасқа дейінгі құрамасы маусым айында сырт алаңда Фарер аралдарын 1:3 және Черногоря құрамасын 1:2 есебімен жеңіп, 6 ұпаймен турнирлік кестеде көш бастап тұрған болатын. Енді жерлестеріміз кезекті ойынын 10 қыркүйек күні Израилдік құрдастарымен Астана — Аренада өткізетін болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *