Бүгін Грузиямен ойнаймыз

     УЕФА-ның Ұлттар Лигасы жобасының аясында футболдан Қазақстанның ұлттық құрамасы бүгін Грузия құрамасымен кездеседі. Латвия, Андорра және аталмыш елдің құрамаларымен бір топқа түскен Қазақстан құрамасы 5 кездесуден 6 ақ ұпай жинап, 2 сатыда тұр. Ал, осы турнирдегі алғашқы ойынын Отандастарымызбен Астанада өткізіп, 0-2 есебімен жеңіске жеткен грузиндер сол ойыннан бері ұтылған емес. Тек сырт алаңда Андоррамен тең түскен. 5 ойында 13 ұпай жинап көш бастап келеді.

Әу, баста топтағы қарсыластарды бұйым көрмей, біраз жерге барады деп болжаған құрамамыз өз алаңында грузиндерге ұтылғаннан кейін Андорраға барып (1-1) тең ойнап, екі мәрте Латвиямен ұпай бөлісті (қос ойында да есеп 1-1). Тек, Астанада ерінбеген құрама оңай жеңетін Андорраны (4-0) ұтқанымызды көңілге демеу етпесек, айтарлықтай ойын көрсете алған жоқпыз.

Топтан шығу мәселесін ертерек шешіп қойған грузиндермен өтетін матчтың турнирлік кесте үшін айтарлықтай маңызы болмаса да, деңгейлес командалар үшін тактикалық тұрғыда ойындарын жетілдіре түсуге мүмкіндік болары сөзсіз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *