Барысқа жаңа бапкер келді

ҚХЛ-да ойнайтын елордалық «Барыс» ХК-на чех маманы бас бапкер болып тағайындалды. 

Енді жерлестерімізді Милош Ржига 2022 жылдың сәуіріне дейін жарыстарға бастап шығатын  болады. Қазіргі уақытта Чехия құрамасының экс бас бапкерімен қазақстандық клуб арасында қаржылық келісімдер жасалып жатыр. 

Чех маманы осыған дейін клубтық деңгейде Ресей біріншілігінде  «Авангард», СКА, «Атлант» және  «Спартак», «Химик»,  Чехияда  — «Пардубице» және  «Энергия»,  Словакияда  — «Слован» сияқты клубтарды тізгіндеген болатын. 61 жастағы бұл бапкер 2017 жылы Чехия ұлттық құрамасымен бірге Әлем чемпионатының жартылай финалына дейін жеткен еді. Ендігі үміті қазақ клубында.

дереккөз: Meta-ratings.kz 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *