Барыс басым түсті!

        ҚХЛ-да сынға түсетін елордалық «Барыс» ХК-ы кезекті ойынын астанада өткізіп, Екатеринбург қаласынан келген «Автомобилист» ХК-нан ойынның қосымша уақытында басым түсіп, кезекті ұпайына қол жеткізді.

        Ежелден бір-бірін жақсы білетін қос ұжым ойын басталған беттен-ақ шабуылдауды жөн көрген сияқты. Қарсыласының осал тұсын тап басуды көздеген алаң иелері екатеринбугтық команданың қақпасына 1-кезектің өзінде 15 тура соққы жұмсап үлгерді. Бірақ, алғашқы шайбаны қонақтар салды. Бірінші кезеңнің бел ортасына келген сәтте Секстон мен Литовченко берген пасты кәдеге жаратқан Питер Холланд қонақтарды алға шығарды. 0:1.

Ал, алаң иелері оған жауапты тек екінші кезеңде ғана берді. Акользин, Метальников жұбынан пас алған Дмитрий Шевченко кезеңнің орта тұсында есепті теңестірді. Ойын үшінші кезеңде де тартысқа толы болды. Қонақтар сапында бақ сынап жүрген экс-Барыстық Найджел Доус Автомобилист клубын алға шығарса, қазақстандық клубтың сапына келіп қосылған Линус Виддель таразы басын 2:2 ге жеткізді. Ал, қосымша уақытта канадалық капитанымыз Даррен Диц жеңіс шайбасын соғып, ала-құла ойнап жүрген жерлестерімізге тиісті ұпайын сыйлады.

Шығыс Конференциясында Барыс 27 ойыннан соң 35 ұпай жинап 4, ал екатеринбургтық қонақтар 9 орында тұр.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *