Барыс басым түсті

_________Құрлықтық Хоккей Лигасында (ҚХЛ) сынға түсіп жатқан елордалық «Барыс» ХК-ы кезекті ойынын өз алаңында ресейлік «Торпедо» ХК мен өткізді. Шығыс конференциясында осыған дейін  11 ойын өткізіп, 5 орында тұрған жерлестеріміз ойын басталған беттен-ақ алға лап қойды. Найт, Старченко сынды сұрмергендерді алға салған барыстықтар матчтың 6 минутында Пикариненнің көмегімен есеп ашты. Дегенмен, ойынның алғашқы кезеңінде ақ қарсыластар сапынан АҚШ азаматы Джордан Шредер есепті теңестіріп кетті.

            Кездесудің екінші кезеңі қарбаласқа толы сәттермен басталды. Қос команда да жиі шабуылға шығумен болды. Осындай сәттердің бірінде (8 минутта) канадалық Джесси Блэйкер берген пасты кәдеге жаратқан Роман Старченко астаналықтардың екінші шайбасын соғып, жерлестерімізге жеңіс алып келді. Ал, үшінші кезеңде қос команда ойыншылары қанша тырысқанымен есеп өзгерген жоқ. Осы кездесуден кейін астаналықтар 12 ойыннан соң 16 ұпаймен Шығыс конференциясындағы турнир кестесінің 4 сатысына жайғасты. «Барыс» ХК  ойыншылары енді 6 қазан күні өз айдынында «Северсталь» ХК қабылдайды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *