Барыс — екінші сатыда

2008 жылдан бері Құрлықтық хоккей лигасында  (ҚХЛ) ойнап жүрген Елордалық «Барыс» ХК биыл сәтті өнер көрсетуде. Жерлестеріміз осы күнге дейін 24 кездесу өткізіп, қоржындарына 37 ұпай жинаған. Бұл, өз кезегінде Чернышев дивизионында 40 ұпаймен көш бастаған  Омбылық «Авангард» ХК-нан кейінгі орынға шығуға мүмкіндік туғызды. Әрі астаналықтардың Авангардтан қос ойыны кем. Ал, Шығыс конференциясында «Барыс» ХК — екінші, жалпы чемпионат кестесінде — алтыншы орында келеді.

Сондай-ақ Лиганың нәтижелі ойыншылар кестесінде Астаналықтар сапындағы 32 жасар шабуылшы Роман Старченко бесінші орында тұр. Жерлесіміз қарсыластар қақпасына  11 шайба соғып, әріптестеріне 15 голдық пас берген. Бұл тізімде көш бастап тұрған Қазақстан құрамасының тағы бір ойыншысы Найджел Доус. Ол – 11 рет көзге түсіп, 22 нәтижелі пас шығарған.

Астаналықтардың келесі ойыны Новосібір қаласында жергілікті «Сібір» ХК-мен өтеді. Қос клубтың арасындағы соңғы кездесу 28 қазан күні Астанада өтіп, 5-2 есебімен «Барыс» ХК жеңіске жеткен еді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *