Барыспыз ба, мысықпыз ба?

          ҚХЛ-да әліміз келе бермейтін бір команда болса ол Қазанның «Ақ Барыс» хоккей клубы. Бәсіміз төмен бе, бағымыз кем бе әйтеуір ұтылудан танбадық. Жеңіске жеткен сәттеріміз санаулы. Баяғы жылдары ҚХЛ-дың плей-офф сатысына шығатын кезде сан рет жолымызды кескен клуб та осы — Ақ Барыс.

        Осыған дейін өзара 20 мәрте кездескен қос клубтың жолы бүгін Нұр-Сұлтан қаласында қиысты. Құрамдары да бұрынғыдан сәл өзгеше болса да қанға сіңген қасиет пе қазақстан клубы ойын басталған беттен-ақ қақпаларынан шайбаны шығарумен әуреге түсті. Бірінші кезеңнің 3 және 6 минуттарында Галиев .С мен Галимов .А қос шайба соғып қазандықтардың тек жеңіс үшін келгендіктерін дәлелдеп берді. Артынша қазақ клубының капитаны Диц .Д-нің 2 минуттың айып уақытын пайдаланып Динияк .Д қонақтардың есебіне үшінші шайбаны соқты.

           Амалы құрыған бапкеріміз Скабелка .А қақпашы Карлссонды паскуалға алмастырғанымен айтарлықтай ештеңе өзгермеді. Ойынның еінші бөлігі голсыз өткенімен соңғы 20 минутта тағы да 3 гол соғылды. Оның екеуін қазандықтар Галиев .С мен Галимов .А соқса астаналық клуб сапындағы фин легионеріміз Охтамаа Атте қазақстандықтардың жалқы голын соқты. Қорытынды есеп 1:5. Кімнің шынайы барыс екенін қазандық клуб кезекті рет дәлелдеп кетті. Еншімізде қазандықтармен өткен ойында осымен 21 жеңіліс, 6 ғана жеңіс бар. Ал,  кестедегі орынымызға айтарлықтай өзгеріс енген жоқ. Шығыс конференциясында 28 ойыннан соң 35 ұпаймен 4-орында тұрмыз.

Қуаныш ТЫНЫБЕК

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *