Боксшыларымыз бабында

         Күрзі жұдырық иелерінен жасақталған ұлттық құрамамыз Азия, Әлем чемпионаттары мен Олимпияда ойындарына барса да бос қайтқан емес. Қайта, шаршы алаңда ел намысын абыроймен қорғай отырып жарыстардың командалық есебінде алдыңғы қатардан көрінетін.

Енді аға буын өкілдерінің тамаша дәстүрін жалғастыра білу, байрақты бәсеке барын салу жастарымыздың міндеті. Моңғол жерінде жастар арасында  өтіп жатқан 2019 жылғы Азия чемпионаты қазақстандықтар үшін жақсы басталды деп айтуға болады. Әзірге ерлер арасында жартылай финалға 9 өреніміз шығып, жарыстың осы кезеңіне ең көп боксшы шыққан ел атанып тұрмыз.  Бізден кейін Өзбек ағайындар, үшін орында Үндістан жігіттері.

Тізім төмендегідей:

ЕРЛЕР

1. Қазақстан — 9 боксшы;
2. Өзбекстан — сегіз;
3-4. Үндістан және Таиланд — төрттен;
5-6. Корея, Қырғызстан және Жапония — үш боксшыдан;
7-8. Қытай және  Моңғолия — еі боксшыдан;
9-10. Тайпей және Ирак құрамаларында — бір боксшыдан ғана қалды.

ӘЙЕЛДЕР

1. Үндістан — сегіз бұрымды;
2. Моңғолия — жеті;
3-4. Қазақстан және Өзбекстан — алтаудан;
5. Таиланд және Қытай — бестен;
6-8. Жапония, Корея және Тайпейден — бір-бір боксшыдан қалды. 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *