Чемпиондар шеруі.. Бавария бабында

     Тоттенхэм тұтылды. Бавария бабында. Еуропа алаңдарындағы доп додасы қыза түсуде. Екінші туры өткен доп додасы жайлы  кеңірек тоқталып өтсек.

      Екінші тур ойындары Чемпиондар лигасына қатысып жатқан командалар үшін нағыз бәсекеге толы болды деп айтуға әбден болады. Мықтылар көсіле түсті. Осал ұжымдар омақа асты. Шын мықтыны анықтайтын сәттер де уақыт өте жақындап келеді. Тіпті, кей матчтар гол жауған түнді сыйлады. Не десек те тартысқа толы қарт құрлықтың чемпионаты тағы да миллиондарды еріксіз баурап алуда. 

     Алғашқы күнгі ойындар Турин мен Мадридте басталды. «Аталанта» ФК Донетцкілік «Шахтер» ФК қабылдап 1-2 есебімен жол берсе, испандық мықты «Реал Мадрид» ФК Сантяго Бернабеуде «Брюгге» ФК мен тең түсті. Есеп 2:2. Ойын басталған бетте алға лап қойған бельгиялықтар 0:2 есебімен алға шыққан болатын. Бірақ, кәнігі бапкер Зидан қолданған тактика нәтижесін беріп, реалдықтар жеңіске жете алмаса да есепті теңестіріп, абыройын сақтап қалды.

     Одан кейін Лондон төрінде неміс клубы «Баварияны» қабылдаған «Тоттенхэм» оңбай ұтылды. Алаң иелерінің қорғанысы нашар екенін футбол мамандары әу баста айтып жатқан еді. Болжағандай болды. Ойында 2:7 есебі тіркеліп, 3 ұпай қонақтардың қанжығасында кетті. Бұл ойында 4 доп соғып покер жасаған қонақтар сапындағы жас аяқдопшы Серж Гнабриді ерекше атап өткен жөн. «Арсенал» ФК-ның түлегіне күллі Еуропа көз тіккен күн болды. Сондай-ақ Мәскеу төрінде «Локомотив» ФК испандық атлетиколықтарға қайрат көрсете алмады.  Есеп 0:2. Кемінде тең ойынға ұмтылады ау деген орыстар ойлағандарына да жете алмады.

     Көңілді матчтардың бірі Туринде өтті. Ақ-қара жолақтылар «Байер» ФК-ның жігіттерін 3:0 есебімен оңай жеңді. Гол авторларының бірі әйгілі Роналду. Стамбұлда өткен кездесуде Галатасарай Париждік жұлдыздардан 1 доп айырмасымен ғана ұтылды. Атауы Париждік болғанымен әлем футболының маңдай алды ойыншыларынан құралған команданың ұпай ұстата қоймайтыны анық еді. Араб шейхтары иелік ететін «МАНЧЕСТЕР СИТИ» ФК хорваттық «Динамо Загреб» ФК-ын ұтты. Бұл ойындағы есеп 2:0. Ал, «Црвена Звезда» ФК-ы көпшілік болжағандай гректің «Олимпиакос» ФК-нан ұтылған жоқ, қайта өздеріне тиесілі 3 ұпайдан шашау шығармады. Соққан доптары да — 3, жіберген гол саны — 1.

     Екінші күнгі ойындардың шымылдығын «Генк» ФК мен «Наполи» ФК, Прагалық «Славия» мен «Дортмундтық Боруссия» ФК арасындағы кездесулер ашты. Бельгияда өткен алғашқы ойын 0:0 есебімен тең аяқталса, чехтар неміс клубына 0:2 есебімен жол беріп алды. Түн жарымда басталған өзге де кездесулердің ішінде ерекше назар аударарлық матч Энфилд төрінде өтті. Құрамында Салах, Мане, Фирмино сынды марқасқалары бар «Ливерпуль» ФК-ына австриялық клуб  «Зальсбург» айырықша қарсылық танытты. Бұл ойында да 7 доп соғылды. Кездесудің небары 9 — минутында алаң иелері сапында Мане есеп ашса, артынша 25 — минутта Робертсон есепті еселеді. Араға 10 минуттай уақыт салып Салах нәтижені 3:0 ге жеткізген болатын. Көпшілік негізгі матчтың нәтижесі осы болар ау деп күтсе керек. Дегенмен, екінші тайм бұдан да қызыққа толып болып, қонақтар кеңінен көсілді. Австриялықтар сапында өнер көрсететін Хван Хи Чхан есімді кәріс, одан кейін кезек алған Минамино есімді жапон аяқдопшылары, норвег Холанд белсеніп 3:3 нәтижесімен есепті теңестіріп кетті. Бірақ, кездесудің нүктесін египет сұрмергені Салах 69 — минутта қойды. Есеп 4:3. 

     Тартысқа толы футбол түндеріндегі өзге де алаңдарда өткен кездесулердің нәтижесі төменде көрсетілген:    

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *