Данияр Елеусінов WBC-дің экс-чемпионымен жұдырықтасады

         Қазақстандық былғары қолғап шебері Данияр Елеусінов (8-0, 4 КО) кәсіпқой бокстағы кезекті қарсыласымен 20 желтоқсанда шаршы алаңға шығатын болды.

Кездесу әйгілі американдық боксшы Дэниэла Джейкобс пен (35-3, 29 КО)  мексикандық кіші-Хулио Сезара Чавес (51-3-1, 33 КО) арасындағы жекпе-жектің андеркардында өтеді деп жоспарланып отыр. Бокс кеші Аризона штатына қарасты Финикстегі Talking Stick Resort сарайында өтеді. Даниярдың қарсыласы 28 жастағы американдық боксшы — Алан Санчес (20-4-1, 10 КО). Ол қазіргі уақытта WBC Continental American белдігінің иегері. Кездесу 10 раундқа жоспарланған.

2016 жылғы Бразилияда өткен Олимпиада ойындарының чемпионы қазіргі уақытта өз бағын кәсіпқой бокста сынап жүр. 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *