Даррен Дицтің айлығы 38 миллион теңгеден астам

        ҚХЛ-да сынға түсіп жатқан Қазақстандық «Барыста» ең көп айлық алатын хоккейшінің есімі белгілі болды.

«Спорт-Экспресстің» мәліметіне сүйсенсек елордалық команданың капитаны Даррен Диц.  2017 жылдан бері астаналықтардың сапында ойнайтын хоккейшінің бір айлығының өзі (қосымша бонустарды есептемегенде) 75 миллион рубль, яғни 38 миллион теңгеден астам қаржы.  Басылымның мәліметінше КХЛ-да ең жоғары жалақы төленетін ойыншыларының рейтингісінде өзге 7 айын шеберімен бірге  30-дан 37 орындарды бөлісіп тұр.

Өткен маусымның қорытындысы бойынша Диц  ҚХЛ-дың үздік қорғаушысы атанды. Ағымдағы маусымда  чемпионатта 13 матч өткізіп, сегіз (3+5) ұпай жинады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *