Динара — Азия чемпионы!

         Қазақстанның шахмат федерациясының ресми порталында: «Динара Сәдуақасова Азия чемпионы атанды! Динараны осы жеңісімен құттықтаймыз және оған жаңа жетістіктерге жетуіне тілектеспіз. Динара 9 мүмкіндіктен 7,5 ұпай жинады. Сайыс барысында әлемнің 15 елінен келген 36 қарсыласын жеңді» — деп хабарланған.

Шахмат федерациясының мәліметінше бұл турнирде ел намысын үш шахматшы қорғады. Олар — ерлер секциясында Ринат Жұмабаев, әйелдер арасында Динара Сәдуақасова және Гүлмира Дәулетова. Динара Сәдуақасова — шахматтан төрт дүркін әлем чемпионы. Ол, сонымен бірге ЮНИСЕФ-тің балалар құқығын қорғау жөніндегі ізгі ниетті елшісі. Сәдуақасова FIDE халықаралық шебері (IM) және әйел гроссмейстер (WGM) атағына ие.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *