Дортмунд төріндегі 4 гол

           Бірнеше апта бойы коронавирустың кесірінен тоқтап қалған футболдан Германия чемпионаты қайта жалғасын тапты. Командалар жанкүйерсіз бос стадиондарда ойнаса да қажетті ұпайлар үшін аянып қалмады.

          Атап айтқанда, бундеслига үздіктерінің бірі Дортмундтық «Боруссия» футболшылары «Шалькелік» ұжымды оңдырмады. 21 жастағы қонақтардың қақпашысы Маркус Шуберт қақпа төрінен 4 мәрте доп алып шығуға мәжбүр болды. 

         Биылғы жылдың басында ғана «Зальсбург» сапынан ауысып келген Эрлинг Холанд 29-минутта өзінің кезекті голын еншісіне жазып сүйінші сұраса, алғашқы тайм аяқталар сәтте Юлиан Брандтың берген пасын португал мықтысы Рафаэль Геррейро 45-минутта голға айналдыра білді. 

        Үзілістен кейін де алаң иелері аянып қалған жоқ. Ойынның алғашқы голын соғуға үлесін қосқан Торган Азар 48-минутта есепті 3-0 ге жеткізді. Қорытынды голды екінші мәрте белсенген Геррейро соқты. Бұл матчтың 63-минуты болатын. Одан кейін қос команда да ойыншы ауыстырып, қанша тырысқанымен нәтиже өзгермеді. 4-0 есебімен айқын жеңіске жеткен «сары түстілер» 26 ойыннан кейін турнир кестесінде 54 ұпаймен екінші сатыда келеді. Көш басында «Бавария» клубы. Оларда 25 ойыннан соң 55 ұпайы бар.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *