Ел чемпионаты қыза түсуде

Шайбалы хоккейден ел чемпионатында сынға түсіп жатқан клубтар кезекті ойындарын өткізді.
Күтпеген нәтижелер де тіркелді. Атап айтсақ «Рудный Горняк» клубы өз айдынында Шығыстан келген «Торпедо» клубынан 0:6 есебімен ойсырай ұтылды.
Ал, Көкшенің «Құлагері» чемпионат үздіктерінің бірі «Алматы» клубын ойынның қосымша уақыт нәтижесі бойынша 3:2 есебімен ұтса, Теміртаулық металлургтер «Астана» клубын 7:1 есебімен жеңіп, турнир кестесінде 6 орынға жайғасты.
Көш басындағы «Арлан» Павлодардан келген «Ертіс» клубын ұтып, өз орынын сақтап қалды. Сондай-ақ өзбек клубы «Хумо 2» Атыраудың «Бейбарысына» 0:5 есебімен есе жіберді.
Ойындардың жарқын сәттерімен және
турнир кестесімен таныс болыңыздар: