Елизат Аябекқызы әлем чемпионатының қола жүлдегері!

Алақандай Аққұмның қызы Аязбек Елизат Аябекқызы бүгін Ташкент қаласында өткен Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды!
Өткенде Үндістанда  өткен самбодан Азия чемпионатында топ жарып, Азия чемпионы атанған болатын.
Бапкерлері Жәуішов Барбол мен Ердос Ералыұлы інілеріміздің үміті ақталып, еңбегі жанды. Шүкір Аллаға! Осы бір жылда ауылымыздан бір Азия чемпионы — Елизат  Үндістанда алтын алса, Рысбай Аян —  Монғолияда өткен Азия чемпионатында  қола жүлде алды. Ернұр ініміз әлем чемпионатында қолаға қол созса, Венера қарындасымыз да Азияның қола жүлдегері атанды. Жаттықтырушы ауылдың жас баласы Жәуішов Барбол.  Өткенде Азия чемпионы атанған Елизат қарындасымызды Алматыда Амангелді Шабдарбаев бастаған ел ағалары, ағайындар болып күтіп алып, дастархан жайып, бата берген болатын.

Палуандарымызға табыс тілейміз! Алла абырой берсін! Олимпияда алтынын алатын күнді  нәсіп етсін!

Олжас Отар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *