Энфилдтегі ән мықты! Ливерпуль — Норвич Сити

          Ағылшын Премьер Лигасының алғашқы ойыны да өтті. Энфилдте «Норвич Сити» ФК қабылдаған қызыл сойқандар ірі есеппен жеңіске жетіп, жаңа маусымды тамаша көңіл күймен бастады.

Ойын басталған бетте Клопптан тәлім алатын алаң қожайындары алға лап қойды. Салах пен Ориги қос қапталдан ойқастап, шабуылдың ортаңғы тұсындағы Фирминоға жартылай қорғаныс шебіндегі Хендерсон, Фабиньо, Вейналдум сынды серкелер доп жеткізіп берумен болды. Есеп те көп күттірген жоқ.

Дегенмен алғашқы голды  7 минутта Норвич Ситидің қорғаушысы Грант Хэнли өз қақпасына соқты.  Одан кейін 19 минутта египеттік сұрмерген Салах белсеніп,  Фирмино берген допты қақпаның төріне тулатты.  Арада 10 минутқа жуық уақыт өткен соң Салахтың бұрыштан көтерген пасын Ван Дейк кәдеге жаратып, кездесудің есебін 3.0 ге жеткізді. Алғашқы тайм аяқталар тұста Дивок Ориги маусымдағы алғашқы голына көрімдік сұрады. Есеп 4:0.

Екінші таймда қонақтар сәл белсенділік танытты демесеңіз айтарлықтай ештеңе өзгерген жоқ. Ойынның көп бөлігінде доп алаң иелерінің бақылауында болды. Тек, матчтың 64 минутында Эмилиано Буэнидадан пас алған Теему Пукки Норвичтіктердің жалғыз голын соғып, кездесу 4:1 есебімен аяқталды.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *