Ерлер құрамасы ерлей алмады

     Біріккен Араб Әмірлігінде өтіп жатқан бокстан Азия чемпионаты отандастарымыз үшін сәтті басталған еді, алайда.. Ауыз толтырып айтар жеңістің ерлер құрамасына қатысы жоқ болып шықты.  Күні кеше ұлттық құрамамыздың қыздары рекорд жаңартса (мүмкін болған 10 алтынның 8 иемденді), жігіттер құрамасы бұл бәсекеде алтынсыз қалды..  

Атап айтар болсақ 49 келіде финалда жұдырықтасқан 🇰🇿 Даниял Сәбит өзбек ұланы 🇺🇿 Нодиржан Мирзахметовтан ұтылып, күміс жүлдені қанағат тұтты. Жүлдеге іліккен басқа да былғары қолғап шеберлерінің нәтижелері төмендегідей:

52 кг — Сәкен Бибосынов, жартылай финал, қола жүлде.

69 кг — Абылайхан Жүсіпов, финал, күміс жүлде.

75 кг — Әбілхан Аманқұл, финал, күміс жүлде.

91 кг — Василий Левит, финал, күміс жүлде.

91+ — Қамшыбек Қоңқабаев, финал, күміс жүлде.

Сонымен ерлер құрамасы бұл жарыстан 5 күміс, 1 қола жүлдемен қайтты.

Ерлер арасындағы сында —

  • 🇺🇿 Өзбекстан құрамасы 6 алтын, 1 күміс,  3 қола жүлде;
  • 🇲🇳 Моңғолия құрамасы 3 алтын, 2 қола жүлде;
  • 🇮🇳 Үндістан құрамасы 1 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлде еншілеп, үздік үштікті түйіндеді.                                    Қорытынды кесте осылайша түйінделді! (Мұнда ерлер және әйелдер құрамаларының нәтижелері бірге көрсетілген)

ЕСКЕРТУ: Айта кету керек, бұл додаға Қытай, Тайпей, Корея сияқты елдердің былғары қолғап шеберлері коронавирустың салдарынан қатысқан жоқ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *