Илья Ильин директор болып тағайындалды

          Төрт дүркін Әлем чемпионы Илья Ильин Қызылорда қаласындағы «Мұз айдыны» мемлекеттік кәсіпорынның директоры қызметіне тағайындалды.
          Илья Ильин 1988 жылы 24 мамырда Қызылорда қаласында дүниеге келген.  Қазақстандық тұңғыш олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы (20082012), әлемнің төрт дүркін чемпионы (2005200620112014) және Қазақстан чемпионы.  Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. «Динамо» спорт клубының құрамында өнер көрсетеді. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аға лейтенанты.


 Ол 2005 жылы 17 жасында ересектер арасындағы ең жас Әлем чемпионы ретінде Гиннестің рекордтар кітабына еніп, Қазақстан Республикасын әлемге танытқан дарабоз спортшы.
Әйгілі ауыр атлет спорттық мансабын аяқтауды жоспарлауда. Жинаған тәжірибесі мен білімін пайдалана отырып, туған жеріне қызмет етуге ниетті.
Айта кетейік, Илья Ильин ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы атағын алған.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *