Альварес GGG-мен үшінші жекпе-жек өткізудің еш қажеті жоқ екенін айтты

         Естеріңізде болса,  2017 және 2018 жылдары Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында қазақстандық Геннадий Головкинмен Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес екі мәрте жұдырықтасқан болатын.

Алғашқы кездесуде боксшылар тең түссе, қарымта кездесуде жерлесіміз төрешілер шешімі бойынша жеңіліп, орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO чемпионы атақтарынан айырылған еді. Аталмыш жекпе-жектен кейін қос боксшы да үшінші мәрте кездесуге кетәрі еместігін де жеткізген болатын. Ал, бірнеше күн бұрын бокс жанкүйерлерін алаңдатып жүрген бұл мәселеге қатысты Мексикалық «Канело» Альварес өз жауабын айтты. Онда, Альварес GGG-мен үшінші жекпе-жек өткізудің еш қажеті жоқ деген. Себебі, мексикалық былғары қолғап шеберінің пікірінше ол қарсыласын бір емес екі мәрте жеңіп, өзінің мықты екенін дәлелдеген. Енді үшінші мәрте бокстасу ол үшін тиімсіз көрінеді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *