Каталонияға қайтатын мүмкіндік туды

     Beteve арнасының мәліметінше Франциялық ПСЖ футбол клубының басшылығы кезекті жиыннан кейін бразилиялық шабуылшы Неймарды алдағы жаздан қалмай сатуға шешім қабылдаған.
Естеріңізде болса ПСЖ футбол клубының қожайыны араб шейхы футбол трансфері тарихындағы ең үлкен сома 222 миллион еуроға Неймарды Каталониялық Барселонадан сатып алған болатын. Әрі,  2022 жылы Катарда өтетін футболдан әлем чемпионатына елші етіп тағайындау мақсатында қосымша 300 миллион еуро  төлеуді уәде еткен еді. Футболшымен ПСЖ арасындағы келісімшарт 5 жылға жасалған болатын.

Клубтағы бәсекелестіктен, әрі ойыншының ПСЖ сапында қалғысы келмеген себептен де клуб Неймарды сатуға шешім қабылдаған. Бразилиялық сұрмергеннің осы уақытқа дейін Париждік клуб сапында уругвайлық шабуылшы  Эдинсон Каванимен келіспей қалғаны жайлы жазылған еді. Не болса да теңбіл доп  жанкүйерлері әлемнің үздік футболшыларының бірін алдағы жазда Испаниядан көруі ғажап емес.

Осы күнге дейін Францияның 1-лигасында 10 гол соғып, әріптестеріне 5 нәтижелі пас шығарған Бразилия құрамасының ойыншысы ақпарат құралдарына бірнеше мәрте Каталонияға қайтқысы келетінін тұспалдап жеткізген еді.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *