6 қыркүйек жұма күні кешке футболдан Қазақстанның ұлттық құрамасы 2020 жылы өтетін Еуропа чемпионатына іріктеу матчының кезекті ойынын  Никосияда Кипр құрамасымен өткізді.

Осыған дейін Сан-Марино мен Шотландия құрамаларын жеңіп, тиісінше Бельгия және Ресей құрамаларынан ұтылған ұлттық құрамамыз турнирлік кестеде 3 орында тұрған еді.  Кипрден 3 ұпай еншілейміз деген үміт те желге ұшты.

Дегенмен, ойын басталған бетте шабуылға иек артқан Отандастарымыз 2-минутта-ақ есеп ашып, алға шықты.  Сол қапталдан Ғафуржан Сүйімбаевтың берген пасын кәдеге жаратқан Алексей Щеткин гол соқты. Аңдаусызда қақпаларына доп жіберіп алған жергілікті ойыншылар одан кейін қарқындарын үдете түсті. Допты да өздерінде көп ұстап, реті келсе қазақстандықтардың қателесуін күтті.

Ол ойлары жүзеге асып 39 минутта қорғаушы Николас Иоанну берген допты шабуылдағы кипрлік Пьерос Сотиру Непогодов қорғаған қақпадан бірақ шығарды. Есеп 1:1.

Екінші таймда қос құраманың ойыншылары қанша тырысқанымен есеп өзгермеді.

Қос команданың құрамы:

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *