Әлемнің үздігін жеңді

     Ресейлік тенисші Карен Хачанов Франция астанасында жабық кешенде өткен АТР-1000 санатына кіретін  «Париж шеберлері» турнирінде топ жарды.

Жалпы жүлде қоры 4,8 миллион еуро болатын турнирдің негізгі кезеңіне 48 үміткер шықты. Турнирді 1/32 кезеңінен бастаған ресейлік алдымен серб тенисшісі  Филип Крайиновичті 7-5, 6-2 есебімен жарыстан шығарды. Одан кейін жолы қиылысқан Австриялық Мэттью Эбден  6-2, 2 – 0 есебімен жеңіліп жатып, жарысты жалғастырудан бас тартты. Турнирдің 1/8 кезеңінде турнирдің 8 ракеткасы америкалық тенисші Джон Изнер ресейлікке айтарлықтай қарсылық көрсеткенімен, жеңіске жете алмады. Кездесу 6-4, 6-7, 7-6 есебімен ресей теннисшісінің пайдасына шешілді. Ал, ширек финалда Карен Хачанов 6-1, 6-2 есебімен Германияның бірінші ракеткасы Александр Зверевті жарыс жолынан шығарды.

Жартылай финалда 25 жастағы австриялық Доминик Тимді жеңді. Екі сеттің қорытындысы бойынша Ресей атынан сынға түскен Карен Хачанов 6-4, 6-1 есебімен басым түсіп, финалға шықты. Ақтық сында әйгілі швейцариялық Роджер Федерерді үш сеттің қорытындысы бойынша жарыстан шығарған әлемнің бірінші ракеткасы серб Новок Джокович күтіп тұрған еді.  Кездесу басталмас бұрын дуалы ауыз теннис сәуегейлері Ресей теннисшісінің бағындырған белесі финалға шығу болар деп күткен еді.

Кездесу жұрт күткендеегідей болмады. Бірден ширақ қимылдаған Карен Хачанов алғашқы сетте ақ 7-5 есебімен алға шықты. Екінші сетте де ұқыптылық танытқан ресейлік қарсыласына 4 геймді ғана ұтуға мүмкіндік берді. Қорытынды есеп, 7-5, 6-4. Бұл Ресей теннисшісінің АТР турнирлеріндегі 4 жеңісі. Осыған дейін Карен Абгарұлы Чеджу, Марсель  ашық біріншіліктерінде және Кремль кубогінде қарсылас шақ келтірмеген болатын.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *