Футболдан ағылшын премьер лигасының 8-і тур басталды. Өз алаңында «Лестерді» қабылдаған қызылдар кезекті жеңісіне қол жеткізді. 

Бірақ бұл жеңіс оңай келмеді. Осыған дейін сауатты ойнап 16 матчта тек Манчестер Юнайтедке ғана жол беріп, қалған ойындардың барлығында жеңілмеген түлкілер Энфилд төрінде де оңай шағылар жаңғақ емес екенін дәлелдеді. Дегенмен шабуылға Фирмино, Салах, Мане үштігін салған ливерпулдықтар 3 ұпай үшін аянып қалмады. 

Кездесудің 40-ы минутында Джеймс Милнерден пас алған Садио Мане алғашқы болып есеп ашты. Ал, қарсыластар сапынан жартылай қорғаушы Джеймс Мэддисон ойынның 80-і минутында тыңнан қосылған Аиоз Перез берген  допты алаң иелерінің қақпасына тулатты. Есеп 1:1. 

Уысында тұрған жеңістен айырылып қалмаудың қамына кіріскен Юрген Клопп шәкірттері тайлы-тұяғы қалмай алға лап қойды. Осындай сәттердің бірінде қонақтардың жартылай қорғаушысы Марк Олбрайтон ойын ережесін бұзып төреші 11 метрлікті нұсқады. 

Айып добын орындаған Джеймс Милнер мүлт кетпей ойынға нүкте қойды. Матч 2:1 есебімен Ливерпулдың жеңісімен аяқталды. 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *