МӘНЕРЛЕП СЫРҒАНАУДАҒЫ ЕҢ ҚИЫН ЭЛЕМЕНТТЕР

         Мәнерлеп сырғанаудан жаңа маусым басталған. Біздің үміт — Элизабет Тұрсынбаева. Лиза жарақатына байланысты АҚШ пен Қытайдағы Гран-при жарысына қатыспады. Ата-анасының сөзінше, Лиза Төрт құрлық чемпионаты мен әлем біріншілігіне қатысады. Биыл төрттік элементтердің бәсекесі болмақ. Тұрсынбаева — әлемде ултра-си элемент орындай алатын санаулы қыздардың бірі. Дәл қазір ең қиын/қымбат элементтер қандай және оған қанша ұпай беріледі?

Төрттік сальхов 
Құны – 9,7 (бонуспен – 14,55)
Бұл элементті Элизабет Турсынбаева мен ресейлік Александра Трусова секіре алады.

Төрттік тулуп 
Құны – 9,5 (қазылардың плюсімен ең жоғары ұпай – 14,25)
Бұл элементті ресейлік Александра Трусова секіре алады

Төрттік лутц 
Құны – 11,25 (бонуспен – 17,25)
Александра Трусова мен ресейлік Анна Щербакова секіре алады.

Үштік аксель
Құны – 8,0 (бонуспен – 12,0)
Жапониялық Рика Кихира, Елизавета Туктамышева, Алена Косторная (екеуі де — Ресей) секіре алады.

Ruslan Medelbek

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *