Маған ар-намысым қымбат!

          2012 жылдың желтоқсан айында Испанияда жүгіруден сыйлық қоры қомақты жарыс өтіп, әлемнің ең үздік жүйріктері қатысады..

            Қызықтың көкесі желаяқтардың алды мәреге жақындағанда болады…

            Лондон Олимпиадасының кедергімен 3000 м. жүгіруден қола жүлдегері Кениялық Әбіл Мүтәй жарыстың соңына таман өзгелерден қара үзіп, мәреге оншақты метр қалғанда тоқтап, көрермендерге қол бұлғап шаттана бастайды..
Трибунадағы көрермендер қиқу салып жатыр. Оны құттықтау деп түсінген Әбіл «воздушный поцелуй» жіберіп, самба билеп кетеді.

            Аздан соң оны қуып жеткен испан Иван Фернандес Анайя ештеңе түсінбеген Әбілді арқасынан итермелеп мәре сызығынан бірінші өткізіп, артынан өзі өтеді.
— Уысыңа өзі келіп түскен алтын медальден бас тартқаның қалай? — деген сұраққа Анайя
— Маған ар-намысым қымбат! — деп жауап береді..

Өмір Шыныбекұлының фейсбуктегі парақшасынан алынды

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *