Мейірім мен Альварес жеңіске жетті!

Әлемнің бокссүйер көрерменін таң қылған айтулы бәсеке мұхиттың арғы бетінде өтті. Лас-Вегас төріндегі MGM Grand аренасында өткен Альварес — Ковалев бәсекесі миллиондаған көрерменді өзіне тартқаны белгілі.

Айтулы бокс кеші қазақстандықтар үшін жақсы жаңалықпен басталды. Жерлесіміз  Мейірім Нұрсұлтанов 10 раундтық бәсекеде (13-0, 8 KO) мексикалық Кристиан Оливаспен (16-6, 13 KO) шаршы алаңға шығып, төрешілердің бірауыздан   берген шешімімен жеңіске жетіп  WBC(USNBC) белбеуін қорғап қалды.

Ал, кештің басты жекпе-жегіне баланған Мексикалық боксшы Сауль Альварес (52-1-2, 35 КО) пен жартылай ауыр салмақта WBO белбеуінің иегері Сергей Ковалевке (34-3-1, 29 КО) арасындағы кездесу қос мықтының өзара аңдысып, абайлап соққы алмасуынан басталды. Бірден шабуылды үдетіп, қарсыласын тұқыртып алуға тырысқан ешкім байқалмады.

Дегенмен, шын мықты соңғы раундтарда байқала бастады. Соққының үстіне соққы үдеткен Сауль Альварес 11 раундта Коваленконы ауыр соққысымен нокаунтқа жіберіп, оған тиесілі WBO белбеуін өз атақтарының сапына қосып алды.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *