Металлургтың мысы басты

         ҚХЛ-да сынға түсіп жатқан «Барыс» ХК өз алаңында Магнитогорскіден келген «Металлургтерг» ХК-ның жігіттеріне есе жіберді. Ойын нәтижесі 1:2.

Қос қарсылас арасындағы жалпы жиынтығы жиырмасыншы кездесуде қонақтар ұпай еншілеп қайтты. Есепті де магнитогорскіліктер сапынан ойынның алтыншы минутында Денис Паршин ашты. Ал, екінші кезеңде белсенген астаналықтардың капитаны Даррен Диц Роман Старченко мен Корбан Найт берген пасты кәдеге жаратып есепті теңестіріп кетті.

Бірақ, араға небәрі үш-ақ минут салып қонақтардың қорғаушысы Максим Матушкин өз командасын алға шығарды. Бұл нәтиже ойынның соңына дейін де сақталды. Осы кездесуден кейін Шығыс конференциясында «Барыс» ХК 29 ұпай жинап — 4, «Металлург» ХК 25 ұпаймен — 6 орынға жайғасты. Жерлестеріміздің қонақтардан 2 ойыны кем.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *