Артур Эш. Үлкен теннистен Дэвис кубогында АҚШ құрамасына кірген алғашқы қаранәсілді, үлкен дулығаның үшеуін жеңген алғашқы қаранәсілді ойыншы.

  Теннис әлемінде бір нөмірлі болған ойыншы 1980 жылы жүрек операциясы кезінде қан арқылы вирус жұқтырғаны үшін карьерасын аяқтайды. 1992 жылы БАҚ арқылы халыққа өзінің жаман аурумен ауырып жүргенін айтады. Сонда фанаттарынан хат келе бастайды. Бүкіл хаттарға жауап қайтарып жүрген Артур «Артур, әлемде адам көп болса да неге Аллах СПИД үшін сені таңдады?» деген хатқа да жауап береді. «Құрметті сұхбаттасым! Әлемде 50 миллион балақай теннис ойнауды бастайды. 5 миллионы үйренеді. Бұлардың 500 мыңы кәсіби түрде айналысады. Бұлардың 50 мыңы жарыстарға қатысады. Елуі ғана Уимблдонға келе алады. Бұл 50 теннисшінің төртеуі ширек финал, екеуі жартылай финал ойнайды. Біреуі ғана кубокты көтереді. Мен сол чемпиондық кубогын көтеріп тұрғанымда Құдайдан «Неге мен?» деп сұрамадым. Қазір ауырып жатқанымда «Неге мен?» деп сұрауым керек?» — деген екен.

Асхат Шотаев

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *