Неміс футболының ғажабы

            Әлемдегі ең мықты чемпионаттарының бірі – Ағылшын премьер-лигасында  «Лестердің» күтпеген жерден жеңімпаз болуы көпшілікті таңғалдырып, 2017 жылдың «жыл жаңалығы» болған еді. Алайда ұзақ жылдық тарихы бар футболда шытырман оқиғалар жетерлік. Солардың бірі – Германия бундеслигасында орын алған.

              1994-2006 жылдар аралығы бундеслигада «Бавария» мен Дортмундтың «Боруссиясы» алма-кезек чемпион болған еді. Алайда 1998 жылғы біріншілікті өзгелер тұрмақ, өздері сенбеген «Кайзерслаутерн» жеңіп кетті. Бұл футбол тарихында «алтын әріппен» жазылған сәт. Неге? Себебі, сол жылы «Кайзерслаутерн» 2-ші дивизоннан көтерілген болатын. Сонымен қатар «Баварияның» гегемониясы, чемпиондар лигасының соңғы жеңімпазы «Боруссия» Дортмунд, УЕФА кубогының сол кездегі чемпионы «Шальке» тұрғанда, барлығы жеңімпаз осы 3-тіктің бірі болады деп еді. «Кайзерслаутерн» тек 98 жылы емес, қазіргі сәтте де ең елеусіз клубтардың бірі. Дегенмен, неміс тарихында өзіндік орны бар. Себебі, 1954 жылғы ӘЧ-да Пушкаш бастаған Венгрияны жеңген Германия алғаш рет әлем чемпионы атанып, оның сапында «Кайзерслаутернның» 5 ойыншысы болған еді. 1995-1996 жылғы Германия біріншілігінде дивизионға алғаш рет төмендеп, жанкүйерлердің қабырғасын қайыстырды. Бірақ чемпионаттан ұшса да, ел кубогын алған немістердің жалғыз клубы ретінде тарихта тұр. Сол сәтте «Баварияның» бапкері Отто Рехагельді чемпионат бітпей жатып, УЕФА кубогының финалына небары 5 күн қалғанда «сүреңсіз ойын көрсетті» деп қызметтен кетірді.

                 Оған дейін «Вердерде» мүмкін болар кубокты иеленген бапкер күтпеген жерден төменгі дивизионға аттанған «Кайзерслаутернді» тізгіндеп, ТОП атағынан уақытша айырылды. Барлығын бастаған сәтсіз бапкер мен клубтан барлығы күдерін үзген еді. Алайда Рехаль өз жігіттерін керемет жігерлендіріп, 2-ші дивизионда 11 ұпай басымдықпен топ жарды. Көңілдері түскен жанкүйерлер де стадионға қайта оралып, орташа есеппен әр ойында 2,5 гол соғатын «Кайзерслаутернге» 37 мыңдай адам жиналды. Бұл қала халқының 3-тен 1-і еді. Осылайша алғашқы мүмкіндігін сәтті пайдаланған «Кайзерслаутернді» бундеслигада мықтылар күтіп тұрған болатын. «Бавария», «Боруссия», «Шальке» сынды кәрі құрлықты мойындатқан клубтар топ жарып тұрған сәтте басшылық Рехальге басты мақсат ретінде қайта дивизонға ұшып кетпеуді жүктеді. Тіпті алғашқы турда оларды сырт алаңда «Бавария» күтіп тұрған. Бапкер тұрмақ, ойыншылардың өздері жеңіліске алдын-ала сыра ішіп дайындалған олар кенеттен ойынның 80 минутында жалғыз допты соғып, сенсация жасады. Есеп 0:1! «Бавариядан» 3 ұпай алған клуб бундеслиганың жеңімпазы деген қағида өзгелерге қатысы болса да, алғашқы турда ұтқан «Кайзерслаутернге» тиесілі емес еді. Дегенмен, 1-ші айналымда олар «Бавариядан» 4 ұпай ұзады. Екінші айналымда да өз алаңында «Баварияны» 2:0 есебімен ұтқан соң, көпшілік «Кайзерслаутерннің» жеңімпаз болатынына сенді. Чемпионаттың бітуіне 1 тур қалғанда «Вольфсбургті» 4:0-мен ұтып, ресми түрде жеңімпаз атанды. «Кайзерслаутерн» — жеңімпаз! Бұл Рехальді кеудесінен итерген «Баварияға» керемет жауап әрі бундеслига тарихындағы дивизионнан шыға салып, чемпион болған жалғыз клуб ретінде есте қалды! Тек қана жеңімпаз болған жоқ, ол Германияның жарық жұлдызы Михаэль Баллакты да әлемге паш етті. Дегенмен, 1999 жылы Чемпиондар лигасында ширек финалға дейін барып, алайда ел чемпионатында қайта сүреңсіз өнер көрсеткенде клуб басшылығы Рехальды жетістігіне қарамай бапкерліктен босатып жібереді. Алайда Рехаль өз кереметін 2004 жылғы Еуропа чемпионатында қайта қайталады. Ол 2002 жылғы Әлем чемпионатының финалында өнер көрсеткен — Германия, алаң иелері — Португалия, Зидан бастаған — Франция сынды құрамалардың арасынан үздік шығып, Грекия құрамасымен жеңімпаз болды.

Қанат Байұзақов, спорт журналисі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *