Новок Джокович пен Рафаэль Надаль — Астанада!

Теннис спортынан әлемдік деңгейдегі спорт саңлақтары Новок Джокович пен Рафаэль Надаль қазақ елордасына келді. Қос мықтының қатысуымен қайырымдылық кездесу ұйымдастырылмақ. Басты мақсат — Қазақстандағы теннисті дамытуға көмектесу, алыс аймақтарда тұратын жасөспірімдерге теннис секцияларын қолжетімді ету.
Қазақстанның теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратовтың бастамасымен келген спортшылар «Барыс-Аренада» өзара кездесу өткізбек. Осыған дейін қос мықты 52 рет жолыққан. Ал, соңғы кездесуде серб теннисшісі жеңіске жеткен. Атағынан ат үркетін теннис ракеткаларының кездесуі Отандық спорттың дамуына оң ықпалын тигізсе қанекей..